Шымқала кештері жалғасуда. Қаладағы 8 бірдей мәдениет үйінде өткен концерттік шарада мегаполис өнерпаздары, шалғайдағы шағын аудан тұрғындарының көңілін бір серпілтіп тастады.
Жарты ғасырға жуық тарихы бар қаламыздағы қуыршақ және жасөспірімдер театры Жаңаталап мәдениет үйінде бүлдіршіндерге ертегелір спектаклін сахналады. Елдімекенге келген театр әртістеріне ауыл тұрғындары дән риза.
ӘМИНА ЖҰМАН – КӨРЕРМЕН
- Жаңаталап мәдениет үйінде күшті театр болып жатыр. Маған қатты ұнады жиі болған саын мен жиі келемін қатты ұнады.
РАУШАН ДОСМАХАНОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Жаңаталап мәдениет үйінде апта сайын зейнеткерлерге ауылдың жастарына көрсін деп жақсы концерттер келіп жатыр. Оның осы ауыл клубттың меңгерушісіне рахметімді айтамын. Көз ашқаннан клубтан батсап өз басым мұндайдан қалмаймын. Өйткені жақынмын. Өте рахмет ШЫмкенттен келіп жатқан концерттерге. Театрдан келіп жатыр. Бүгін бүлдіршіндеріміздің көңілін көтеріп жатыр. Өте ырзамыз.
Қуыршақ және жасөспірімдер театры Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді күн тәртібінен түсірген емес. Оны өскелең ұрпақтың санасына ерте жастан ертегілер арқылы сіңіруде барын салып жүрген әртістер, жаңаталаптық бүлдіршіндерге ой саларлық қойылым сахналады.
ЖҰМАГҮЛ ӘДІЛБЕКОВА – ЖАҢАТАЛАП МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Әр аптаның сенбі күндері барлық мәдениет үйлерінде керемет шымқала кештері атты іс-шаралар, концерттер, балаларға арналған театрлар жалпы айтқанда халыққа рухани азық бере алатын керемет кештер ұйымдастырылуда. Халықтың көңілі өте ерекше серпіліп, тіпті әр сенбі күндері өздері концерт барма деп келетін көрермендеріміз жоқ емес. Бүгін балалартеатры келіп отыр. Балалар лық толы. Креемет әсер қалдыруда.
Шымқала кештері Қызылжар елді мекенінде жаңадан ашылған мәдениет үйінде жалғасты. Онда шымкенттік өнерпаздар әннен шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.