Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президентін қабылдады. Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық комитет алдында олимпиадалық спорт түрлерін күшейту міндеті тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командалардың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін жақсарта түсу қажет. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады