Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды. Асқар Естібаевты облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Естібаев Асқар Сұлтанұлы 1974 жылы Түлкібас ауданында туған. Білім жоғары. Мамандығы заңгер, экономист. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының приставы болып бастаған. 2002 – 2006 жылдары Астана қаласы сот әкімшісінде бөлім бастығы, Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Қаржылық борыштармен жұмыс орталығы», «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған. 2006 - 2013 жылдар аралығында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде, Білім және ғылым, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникация, Мәдениет және ақпарат минисртлігінде түрлі деңгейде басшылық лауазымдарда еңбек еткен. 2013 – 2022 жылдары Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, ШӘКК Басқарма төрағасының орынбасары, Білім және ғылым, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басқарма басшысы, департамент директоры болған. 2022 жылдың қазан айынан осы уақытқа дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін Түлкібас ауданының әкімі болған Нұржан Ізтілеуов басқа қызметке ауысуына байланысты, қызметтен босатылды.