Бәйдібек ауданында дзюдодан Республикалық турнир шымылдық түрді. Сайыс елге қазақ күресінен спорт шебері Темір Жұматайды еске алуға арналды. Бәсекеге еліміздің әр аймағынан 2009-2010 жылы туған жүздеген палуан қатысып, боз кілемде кім мықтыны анықтады.
Бәйдібек топырағындағы күрес бәсекесінің ашылу салтанатына аудан басшылығы мен әлемді мойындатқан палуандар арнайы қатысты. Ел болашақтарының жігерлерін ояту үшін арнайы шақыртырған Олимпиада ойындарының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Темір Шубайұлының ұлы Ордабек Темірұлы ат мінгізіп, құрмет көрсетті.
 Кезекті жарысқа еліміздің әр аймағынан 200-ден аса палуан қатысты. 15 комнадаға бөлінген бозбалалар  9 салмақ бойынша мықтыларды анықтады. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 42 келіде өнер көрсеткен бәйдібектік Бибарыс Әбдіхалық өз жерінде намысты қолдан бермей жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, ұстаз-бапкердің шәкірті Нұрлан Айтбеков осындай республикалық деңгейдегі турнирлердің көптеп өтуі ауылды жерлердегі балалардың шыңдалуына көп серпін береді. Осы орайда ұйымдастырылған республикалық жарыстың жыл санап ауқымы кеңейіп, ауыл спортының дамуына көп үлес қосуда дейді.
 Сондай-ақ жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан Темір Шубайұлының шәкірттері алдағы уақытта бұл турнирді Халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлауда. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы тағайындалған медальдар мен алғыс хаттар табысталды