2023 жылы «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігіне қала бюджетінен жалпы 1 миллиярд 41 мың теңге қаржыға 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Үрдіс биыл да жалғасын тауып, 15 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтті.

 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 81 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар 1-кезеңде қала аумағындағы 15 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993 теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, 15 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар қалада 12 әлеуметтік нысан құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның жетеуі жаңа нысан болса, бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді.