Шымкентте жаңа жыл түні тыныш өтті. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасалмаған, ешқандай оқыс жағдай тіркелмеген. Пиротехникалық заттан зардап шеккендер де жоқ. Мереке түні полиция департаменті мен төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істеп қауіпсіздікті қадағалады.
Жаңа жыл түні полицияға 1000-нан астам қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары барлық шақыртуларға шығып, тиісті шара қабылдады. Мерекелік іс-шара өткізілген орынды патрульдеу кезінде құқы қорғау қызметкерлері  ата ана қарауынсыз жүрген 20 баланы анықтап заңды өкіліне табыстады.
 Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде көлікті мас күйінде басқарған 3 жүргізуші анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Төтеншіліктер де мерекелік түнді тыныш өткізген. Жауаптылардың сөзінше жаңа жыл түні ешқандай оқыс оқиға тіркемепті.
АСҚАР ШӘРІП - ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖИНЕРІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ
 Меркені тойлау кезінде қала аумағында ешқандай оқыс оқиға немесе қандай бір төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Мерекелік кештердің барлығы концерттің қандай да бір жобалардың барлығы міндетті түрде біздің кезекшілікпен жүзеге асырылды. Бір немесе екі бірлік техника мен жеке құрам сол концерт немесе бір іс-шара адамдардың көп шоғырланған орындарында кезекшілікті тәулік бойы атқарған болатын. Алдыналу жұмыстары және үгіт насихат жұмыстарының арқасында біз осы мерекені ешқандай оқыс оқиғасыз қарсы алдық. Пиротехникаларды пайдалану кезінде қандай да бір талаптардың бұзылуы немесе адамдардың денсаулығына нұқсан келтіру жағдайлар тіркелген жоқ.  
Айта кетейік, мегаполис аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қала тыныштығын 2 мың полицей мен 196 төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамы қадағалады.