Елімізде өткен жылы рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды.
1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген. Қазақстан паспортын алғандардың ең жасы 10 күндік сәби болса, ал ең егдесі 110 жаста.  Ол - Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Оңай Бегімбаева. Жуырда ауданның полицейлері қарияға жаңа жеке куәлігі мен төлқұжатын үйіне жеткізіп берген. Оңай апа бүгінде үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр.