Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуға үлкен үлес қосып жүрген маман Ли Кай-Фу, Қазақстанның IT саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетіміздің де мол екенін айтты. Кездесуде тараптар жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.