Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Жиында институттың 2025 жылға жоспарланған талдау жұмысының негізгі бағыттары мен маңызды іс-шаралары талқыланды. 

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты  ел дамуының ішкі саяси және экономикалық үрдістерін зерттеуге, сондай-ақ сыртқы саяси ахуалды бағамдауға баса мән береді. Ерлан Қарин жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатты сараптамалық-талдамалық тұрғыдан сүйемелдеу ісінде институттың айрықша рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ құрылымның аймақтарды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеудегі, экономикалық реформаларды одан әрі ілгерілетудегі, геосаясаттың жаһандық үрдістерін талдаудағы және басқа да өзекті әрі сұранысқа ие бағыттардағы рөлі зор екенін жеткізді. Институт сарапшыларының мемлекет жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы саясаттың мақсаттары мен міндеттерін сарапшылар қауымдастығына ғана емес, барша жұртшылыққа түсіндірудегі рөлі де маңызды екенін тілге тиек етті. Бұған қоса жиында институт құрамында аймақтармен және дерекқорлармен жұмыс жүргізуге арналған екі бірдей жаңа бөлім ашылғанына ерекше назар аударылды. Осы орайда биыл аймақтардағы өкілдіктердің желісі одан әрі кеңейіп, деректер базаларымен жұмыс істеу бағыттары қолға алынады.  
АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
-  Біз тағы да аймақтардан сарапшылар іздейміз. 04:27 Өйткені ол аймақтағы сарапшыларды жақсы біледі. Аймақтағы мемлекеттік органдадардағы адамдарды, халықты жақсы біледі. Оның бізге қарағанда өкілеттілігі жоғары. Сол себепті аймақтағы өкілдіктерді әрі қарай ашамыз. Сол өкілдіктер арқылы іс-шаралар өткіземіз, зерттеу жүргіземіз, зерттеулер аясында көптеген жұмыстарды атқарамыз.))