Түркістан облысында 9 мақта-тоқыма кластері құрылады. Осының нәтижесінде 14 мың жұмыс орны ашылып, жыл сайын салық түсімі 26,2 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланып, пысықталды.  
 Кәсіпорындарды  Сауран, Ордабасы, Шардара және Мақтаарал мен Жетісайда құру жоспарланған. Бүгінде Turan арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау көпсалалы нысанының құрылысы басталды. Жаңа қытай технологиясымен 1,2 мың гектарға мақта егілді. Технологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік беруде. Биыл ақ алтын 135 мың гектарға егілмек.