ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған емдеу орталығы жұмысын бастады. «Самғау» оңалту мекемесі 200 орынға шақталған. Қазіргі таңда 92 адам қызмет алып жатыр. Ем алушыларға медициналық, арнаулы әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық көмек түрлері көрсетіледі.
«Самғау» оңалту орталығы 90-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді. Мұнда келген азаматтарға 27 күн бойы медициналық ем-домнан бөлек, 8 түрлі арнаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Орталық мамандары қызмет алушыларға психологиялық көмектен өзге еңбек, мәдени, тұрмыстық, шаруашылық бағыттарда қызмет көрсетеді. Науқастарға ыстық ас беріліп, медициналық аппараттардың көмегімен емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі. Салауатты өмір салтын ұстану үшін арнайы спорт залда шынығып, ботаникалық қысқы бақта серуендеуге жағдай жасалған.
ГҮЛНҰР БАЯЛЫҚЫЗЫ, №6 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жалып орталық 2024 жылы ашылып, сол жылы бірінші заезді бітірдік та екінші заезді 92 адам ем алдуда. Еммен қосы әлеуметтік саланың 8 қызметін көрсетіп жатырмыз. Жалпы орталық 200 адамдық орынға арналған. ҚАзіргі таңда соынң 92-сі келіп жатыр.
Қазіргі таңда мекемеде 100-ден астам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орталық бір уақытта 18 жастан асқан мүгедектігі бар 200 адамды қабылдап, қызмет көрсетуге қауқарлы.