Ішкі істер министрлігі сапарда жүретін азаматтарға үндеу жасады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің кейбір аймақтарында жол жабылды.
 Ведомство мәліметінше, Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-де шектеулер енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ!
Қайсы облыста, қандай бағыттағы жолдар жабылды? Толыққанды ақпаратты «ҚазАвтоЖолдың» ресми Telegram-арнасынан, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.