Кейінгі уақытта күннің басты тақырыбынан түспей қойған картоп мәселесі Шымкентте қалай? Дәл осы көкөніс бағасы тұтынушылар жиі баратын сауда орталығында қаншадан сатылып жатыр? Күнделікті тұтынатын өнімнің құны көтерілгенге азаматтар мен сатушылар не дейді? Әріптесім Орталық базарға барып қайтты, сюжетін көрейік.
Базардағы сатушы осылай деп ашынды. Бағаның көтерілгені бізге де оңай соқпай отыр дейді. Жалпы сауда орталығындағы ахуал бірқалыпты. Жаппай картоп алу жәйті байқалмайды. Ал бұл көкөністің құны сұрпы мен сапасына қарай әртүрлі, - дейді саудагерлер.
Дәл осы өнім түрі кейінгі бір айда ғана айтарлықтай қымбаттаған. Қала тұрғындары картоп бағасының өскені отбасы бюджетіне қазірдің өзінде сезіліп жатыр дейді.
АЛЕКСАНДР ЧЕРЕМИКИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Картоп бағасы көтеріліпті. Бар-жоғы 3 келі алып, мың теңге төлемдім. Үйдің қасындағы дүкенде тіпті қымбат. Бір жыл бұрын демей-ақ қояын, жаңа жылдың алдында ғана әлдеқайда арзан еді. Енді картопты аз тұтынатын шығармыз. Осының бәрі өзімізде өндірмегеннің кесірі шыға, бәлкім.
Сауда нысанында пияз 150 теңгеден, ал сәбіз 250 теңге шамасында болып тұр. Қымбатшылық тек картопқа қатысты, оның да өзіндік себебі бар дейді, - жауаптылар.
Басқарма өкілі бүгінде қалада картоп қоры жеткілікті екенін айтты. Ал тұтынушыларға әсіресе, әлеуметтік тауарларды ірі сауда желілерінен алуын ұсынды. Онда тұрғындар үшін күнделікті қажетті 19 түрлі азық-түліктің бағасы бақылауда болады.