Іздеу саламыз! 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Бәйдібек Ақмырзаұлынан 10 күннен бері хабар-ошар жоқ. Кейінгі рет Шымкент қаласында әуежайдан досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.
Жас жігіт 2025 жылдың 14-қаңтарында Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған.
15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен уатсап желісі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.
Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, яғни 16-қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаментіне мән-жайды айтып хабарластық, бүгінде қылмыстық іс қозғалыпты.
БАҒЛАН ИСАТАЕВА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ  
-16 қаңтарда полицияға 2004 жылы туылған ер адамның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Арыз тіркеліп, іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларға полиция департаментінің барлық күштері жұмылдырылды. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасуда.
Жігіттің денсаулығында ешқандай ақау жоқ, жат әдеттерден аулақ,- дейді. Музыкалық колледжде білім алып, әскери борышын да бір жыл бұрын өтеп келген. Орта бойлы, арық денелі, қара торы жігітті көрген-білгендер болса, төмендегі байланыс номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
102
8 707 507 38 69
8 777 882 67 86