Қазақстанда өндірілетін уранның 20 пайызы Өскеменде өңделеді. Қалғаны шикізат күйінде шетел асып жатыр. Сондықтан химиялық элементті  толық циклда өңдеу өндірісін жеделдетіп қолға алған жөн. Оған қоса уранды өндіру кезінде бөлінетін Ванадий, Скандий және Литий секілді бағалы металдар өндірісі де жолға қойлады. Ең бастысы бұл мемлекет басшысы айтқан Ядролық кластер құруға негіз болар еді, дейді шымкенттік ғалымдар.
УРАНМЕН ҚОСА БАҒАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕР ДЕ ӨҢДЕЛЕДІ
Халима Сартаева 20 жылдан бері Уран өндірісін зерттеумен айналысып келеді.Химиялық элемент көмір мен газға қарағанда әлде қайда тиімді, әрі қоршаған ортаға залалы жоқ,деп отыр. Өйткені радиоактивті химилық элемент  толық жанып кетеді. Әлемде мұнай қорының азаюына байланысты дамыған елдер баламалы қуат көзіне көшіп жатыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ядролық кластер құру арқылы болашаққа жол ашамыз,дейді ғалым.
ХАЛИМА САРТАЕВА, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ – ДОЦЕНТ БҰҰ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КОРРЕСПОНДЕНТ МҮШЕСІ
2023 жылы Қазақстан уран өндірісі бойынша 47 пайыз әлемді уранмен қамтамасыз етті. Өзімізде уран болып тұрып біз уранды отын ретінде АЭс ке пайлануымыз керек. Себебі уранның бөлген энергиясы мұнайдан, отынан кәдімгі газдан  миллион есе артық. Мысалы 10 кг көмірдің берілген энергиясы 1 кг уранға тең келеді. Ол 1 миллион мың килоколория энергия. Қазір бізде таблек\тка түрінде шығарылады. 4 грам. Сол саусақтай уран 441 кг көмірге тән келеді.
 Елімізде 2017 жылы уран өндірудің ең тиімді әрі экологиялық зияны жоқ жер асты ұңғымалы шаймалау әдісі енгізілді.Түркістан облысындағы барлаудан өткен  26 кен орны толықтай осы жүйемен жұмыс істейді. Яғни бетпақ дала төсіндегі бір жарым мыңға жуық ұңғыма жаңа технологияға негізделген.Шикізат жеткілікті, ғылыми база қалыптасқан, технология бар. Тек өндірісті өркендету керек,дейді байырғы кенші.
ӨМІР НЫСАНБЕКОВ, УРАН ӨНДІРІСІНІҢ АРДАГЕРІ  
Өндіріспен уранды алған кезде онымен тағы қосалқы өте сирек кездесетін редко земельный металдар бар.Соны өндірісте айтады финишный преработка деп. Толық өңдеп сол сирек кездесетін металдарды алуға болады. Уранды өңдейтін үлкен кәсіпорынды Түркістан немесе Жамбыл облысынан салуға болады,деп ойлаймын.
Қазақстанда барланған уран қорының көлемі - 625 мың тонна, ал жалпы қор - шамамен 785 мың тоннадай. Бізге әлемдегі уранның 12 пайызы тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз дүние жүзінде  екінші орында тұр. Жылына шашамен 23 мың тоннадай өнім өндіріледі. Химиялық элементті толық өңдеу-ядролық кластермен қатар жасыл экологияға апарар жол болмақ, дейді ғалымдар.