Кентау – Түркістан тас жолында жол апаты орын алды. Салдарынан  6 адам қазауып соқтығысқан көлік өртке оранды. Қазіргі таңда оқиғаның мән ажайы анықталып жатыр.  
Адам өмірін жалмаған жол апаты Кентау-Түркістан тас жолының 5-ші шақырымында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ауди маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, екінші Ауди көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 4-еуі түрлі дене жарақатымен Кентау қаласындағы аурухананың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осының нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.
БАҒЛАНБЕК АЙТБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Кентау Түркістан тас жолының 5-ші шақырымында екі ауди автокөлігі соқысып қайғылы жағдай орын алды.Нәтижесінде 6 адам орнында  қайтыс болып, 4 адам ауруханаға жеткізілді.