Орталықтандырылған жылу жүйесіне 500-ден аса тұрғын үй қосылады. Қазіргі таңда «Қуат жылу» орталығы жаңа қазандық құрылысының екінші кезеңін жүргізіп жатыр. Мекеме жұмысымен Шымкентке арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев танысып шықты. Ол сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа ғимаратын аралап, «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің қосалқы станциясының тынысымен танысты.
 Жаңа жылу қазандық «Қуат жылу» мекемесінің территориясында орналасқан. Құрылыс аяқталғаннан кейін қаланың солтүстік бөлігіндегі 500-ден аса тұрғын үй мен 30-ға жуық әлеуметтік нысан жылумен қамтылады. Орталықтағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов вице-премьерге баяндап берді.
 Шымкенттің жылу жүйесі 393,8 шақырымды құрайды.  Оның 64,3-і магистарлды, 329,5 шақырымы ішкі орамдық көшелермен жүргізілген. Былтыр 29,5 шақырым құбыр жаңасына ауыстырылып, биыл тұрғындар қыста тоңбай отыр.  
 6-7 ақпан еліміз бойынша «Көктем-2025" оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша іс-шараны қалалық төтенше жағдайлар депаратменті де ұйымдастырды.
 Дайындық жұмысын бақылаған үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев депаратмент басшылығына айтып келмейтін кез келген төтенше жағдайға дайын болу қажеттігін ескертті. Өз кезегінде өрт сөндірушілер біліктілігін пысықтап алды.
 Одан соң Қанат Бозымбаев Қайтпас шағынауданында орналасқан «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің жаңа қосалқы станциясының жұмысымен танысты.