Елімізде бұдан былай бензин мен дизельдің үстіне баға қосып сатқан компаниялардың // табысының 80 пайызын // мемлекет алып отырады. Ұлттық экономика министрлігі жанармай саудасына қатысты жаңа қаулы дайындады.
Заң күшіне енсе мұнай өнімін өндірушілер мен сатушыларға қосымша салық ретінде салынып жүрген акциз мөлшері көбеймек. Ұлттық экономика министрлігі салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаеваның сөзінше, баға өсетін болса, оған қосымша акциз салынады. Министрлік жанармай қымбатшылығының салдарын осылай жеңілдетпек. Акциз түрінде бюджетке түскен қаражат кейін жәрдемақыны, зейнетақы мен бюджетке жұмыс істейтіндердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар.