Түркістан қаласында 38 мемлекеттік, 47 жекеменшік білім нысаны бар. Былтыр оның 12-сі пайдалануға беріліп, 7131 оқушы оқитын төрт мектеп күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Сондай-ақ өткен жылы 984 орындық 11 балабақша ашылып, тағы 10 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қала әкімі Әзімбек Пазылбековтың айтуынша, қаладағы білім сапасы жетіліп, қажетті нысандар жаңартылып келеді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Рухани Астанада 4 мәдени нысан, 12 кітапхана, 3 театр және 5 музей жұмыс істейді.
Қаладағы атауы жоқ 2 көшеге онамастикалық талдау жүргізіліп, тиісті ұсыным берілген. Алдағы уақытта тағы 10 көшеге атау беру мақсатында республикалық комиссияға ұсыныс жолданбақ, - дейді қала әкімі Әзімбек Пазылбеков. Сондай-ақ жауапты басшының айтуынша, Түркістанда биыл 500 орындық мәдениет үйі ел игілігіне беріледі.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Шаһардағы медициналық 17 мекеменің барлығы 4-санатты жедел жәрдем бекеттерімен қамтылған. Сондай-ақ былтыр Түркістанда 6 мыңан асатам нәресте дүниеге келіп, туу көрсеткіші айтарлықтай артқан. Қала тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында 27 мың тұрғынға мөлшерленген жаңа емхана құрылысы басталған. Нысан жыл соңына дейін салынып бітеді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Түркістанның рухани шаһар екеніне баса тоқталған қала басшысы оның негізгі драйвері туризм бағыты екенін қайталады. Айтуынша, бұл салада ауыз толтырып айтар жетістіктер де жеткілікті. Соңғы 2 жылда Түркістанға турист тарту мақсатында 74 млрд теңгеден аса инвестиция салынған. Нәтижесі жаман емес. Мәслен, былтыр киелі қалаға 1,1 млннан астам адам келген. Оның 23,2 мыңы шетелдік саяхатшылар.