Шымкенттік жастар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Бітіруші сынып оқушыларын кәсіпорындарға «Жастар ресурстық орталығының» мамандары арнайы алып барды. Ондағы мақсат – түлектерді жұмысшы мамандықтарын таңдауға шақыру, қарапайым азаматтардың еңбегін көрсетіп, көпке үлгі ету.
Өндіріс орындарымен танысуға 100-ге тарта жас шақырылған. Олар шұлық шығаратын «Әлем БТ», «Bal karped», «Balabi Textile» кәсіпорындарын аралап көрді. Солардың бірі – Олжас Аман. Биыл мектеп бітіретін бозбала құрылысшы мамандығын таңдап отыр. Бірақ жұмысшы мамандықтарға сұраныс қашанда жоғары,-дейді ол.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы. Осының аясында мегаполисте бірқатар игі жобалар қолға алынған. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау аясындағы бастамалардың басым бөлігі жастарға арналған.
Елімізде техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Биыл сала мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артты. Оның ішінде 65 пайызы техникалық бағытқа бөлінді.