Ал, салық түрлерін, айыппұлды өсіру арқылы кірісті көбейткенімен бюджет тапшылығын толық жаппайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа бюджет кодексін талқылау кезінде осыны айтты. Біз қазір мемлекет қазынасынан жұмсалатын қаржының тек тиімді жобаларға бағытталуын барынша қадағалауымыз керек. Қажет кезде заңды өзгертіп алып, ұлттық қордан оңды-солды ақша алуды доғарған дұрыс. Бұл тетіктердің барлығы жаңа бюджет кодексінде болады деді Сенат төрағасы.  
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Бюджет кодексінің жеке бөлімі мемлекеттік қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыруға арналған. Бұл бөлемде мемлекеттік қаржыны басқарудың негізгі ережелерімен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік процесстерге қатысуы туралы ережелер жан-жақты нақтыланды.
ЖАҢА БЮДЖЕТ КОДЕКСІН СЕНАТ КЕРІ ҚАЙТАРДЫ
Ал, Ұлттық қордың әрбір тиынын тиімді игеру үшін бақылау күшейеді. Сенат бюджет кодексіне өз тарапынан түзетулер енгізіп, құжатты Мәжіліске кері қайтарды. Заң жобасына 70 ке жуық түзету енгізілген. Олардың негізгілері аудандық, ауылдық бюджеттердің басқару тәсілін өзгерту және ұлттық қордан тартылатын ақшаның шекті мөлшерін орнату.  
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында пайдаланылмаған нысаналы трансферттер міндетті түрде қайтадан ұлттық қорға қайтарылуы тиіс. Құжатта бақылауды күшейту тетіктері де жетілдірілді. Одан бөлек, су тасқынын болдырмау және жедел әрекет ету үшін су қоймалары, гидротехникаларды дамыту жұмыстары субсидияланатын болды. Осы сияқты өзге де түзетулер енгізіп, заң жобасын мәжілдіске қайтару туралы шешім шығардық.