Елімізде пойыздарға 1 350 камера орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында 24 тальго бейнебақылау жүйесімен қамтылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр.
 Камералар пойыз ішіндегі жағдайды тәулік бойы үздіксіз бақылайды. Бұл оқыс оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге көмектеседі. Бейнебақылау жүйесінен алынған ақпарат тек ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді.