Ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие, иманды ұл, ибалы қыз бүгінгі күннің басты тақырыбы. Мешітте бас қосқан зиялы қауым ұлт болашағына алаңдады. Қазақ даласында ислам және отбасы құндылығы атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ға арна тілшісі де қатысып қайтты.
Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан тәрбие тал бесіктен. Ұлық ұлтты қалыптастыру үшін өзгені жөндеудің керегі жоқ. Әркім тәрбиені өз бала шағасынан бастаса жеткілікті. Әсіресе қыз тәрбиесіне мән беру керек –дейді Шалатай Мырзахметов.
ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Қазақ халқы өсемін десе қыздарды мәпелеп қыздарды тәрбиелеп ананы ұлтты тәрбиелеуміз керек. Біз қаншама зорлық зұлмат көрген елміз. 13 жылдары халық санынан біз өзбектен үш есе көп болғанбыз. Қазір олардан екі есе төменбіз.
Көптің алдына шығып сөз алған ақын Абай Қалшабек тәрбиенің мәнін кітаптан табуға болады дейді. Әуезовтің шығармасы «Абай жолында» қазақтың сол кездегі тәрбие институты айқын көрініс тапқан. Баланың жеттістігін байқамағансып-ақ ұрпақты алғыр қылып өсіруге болады.
АБАЙ ҚАЛШАБЕК, АҚЫН, ПЕДАГОГ
Абай жолын бастан аяқ қарап шыққан кезде Құнанбайдың Абайды мақтаған бірде бір эпизотын кездестіре алмайсыз. Бұл Құнанбайдың бала тәрбиесінде ұстанған тактикасы десек болады.
Айтары бар азаматтардың орамды ойын тыңдаған көпшілік бойына рухани құндылық жинады. Түйсігі бар жандар конференциядан өзіне керегін алды. Осылайша жұма күні жолыққан жамағат жайдарлы көңілмен тарқады.