Шымкент қаласында экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы бірқатар тексерулер жүргізілді. 38 тексеру ұйымдастырылды. 15 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестік және 17 жоспардан тыс тексеру өткізілді.
Индустриялық аймақтардағы 14 кәсіпорын тексеріліп, 33 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 101 әкімшілік іс қозғалып, 86 іс бойынша 284,1 млн теңге айыппұл салынды, оның 283,1 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Сондай-ақ 3 әкімшілік іс Шымкент қалалық Полиция департаментіне жолданып, «Эколайф Астана» ЖШС-ға қатысты іс қылмыстық құрам анықталмауына байланысты кері қайтарылды. Аталған кәсіпорынға 2,75 млн теңге айыппұл салынды. Тексерулер барысында анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша 37 нұсқама шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары бірлесе отырып, әкімшілік істер қозғап, тиісті шаралар қабылдады. ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, қала прокуратурасы 11 білім беру ұйымын тексеріп, 20 әкімшілік хаттама толтырды. 10 әкімшілік іс бойынша 276,9 мың теңге айыппұл салынып, 10 ескерту берілді. Сонымен қатар жер қойнауын заңсыз пайдаланған 5 жеке тұлғаға жалпы сомасы 290 мың теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген шаралар аясында әскери ұйымдарда да тексерулер өткізіліп, 3 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.