Төлеби ауданында жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Музыкалық білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында өткен байқауға 17 ауданнан 140 жеке орындаушы және 20 ансамбль мен оркестр ұжымдары қатысты.
Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінген. Кіші топ қатысушылары 7 және 10 жас аралығын қамтыса, орта топ қатарында 11 және 13 жас аралығындағы оқушылар өнер көрсетті. Ар жоғары топта 14 және17 жас аралығындағы музыканттар бақ сынасты.
Қатысшуылар бір емес бірнеше аспаптарда өнер көрсетті. Музыканттар еркін игеріп, құлағында ойнаған инструменттер қатарында домбыра, Прима-қобыз, қыл қобыз, шертер, жетіген, баян, аккордеон, рубаб, най сынды сүйемелдеуші құралдар бар.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орын алған жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алып, қаржылай сыйақымен марапатталды.