Сүйекші – бұрын-соңды қазақ әдебиетінде болмаған кейіпкер. Оны алып келген жазушы, драматург Дулат Исабеков, ал сахналаған - Ғазиз Арынов. Әкенің жасамаған қылмысы үшін жазаланған жас үш ұйықтаса түсіне кірмеген жұмысты істейді. Тағдыр оны жетелеп молаға апарады. Көр қазушының соңғы аялдамасы да сол жер болады... Моно-спектакль осымен екінші жыл қатарынан қойылып отыр. Бұған дейін бас кейіпкер Тұңғыштың ролін белгілі әртіс Жүсіп Ақшора сомдаған болатын.
 Тұңғыш. Сәби иісін аңсаған бір отбасының қуанышы, үміті, болашағы. Қысқа ғана ғұмырында итаршы өмір сүрген ол бір емес, бірнеше атқа ие болады: Тұңғыш, Аманат, Үндемес, Кеңкелес... Оның көрген азабы мен мазағы, қан жылаған қайғысы мен уайымы, жеңілістен тұратын тағдыры сахналанады. Бұл жолы басты кейіпкердің ролін Садық Жақыпов алып шықты.    
 Қойылымның бір ерекшелігі – мұнда жалғыз әртіс өнер көрсетеді. Естігенде тәнің түршігетін бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмырын суреттеу актерға да режиссерға да оңай болмаған. Оған қоса шығарма авторы Дулат Исабеков те қойылымды сатира әртістері сахналағанды құптамаған.
 Көзі тірісінде Дулат Исабеков режиссердің жұмысына жоғары баға беріп кеткен. Қойылымды көріп, көңілінен шыққан. Шығармаға қайта жан бітірткен Ғазиз Арыновқа алғысын да білдірген.  
Кезекті қойылым әдеттегідей аншлагпен өтті. Шығармашылық ұжым «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейтінін» осылайша тағы бір дәлелдеп берді.