«Болмаған балалық шақ.» Ақын, жазушы Ақберен Елгезектің осындай тақырыппен жазылған повесті желісімен көркем фильм түсірілді. Автордың сөзінше кинотуынды жазушының өз өмір жолына негізделген. Яғни, фильмдегі бас кейіпкер Ақош, Ақберен Елгезектің прототипі. Көренмен көзіне жас үйіріп, сезім сарайын сілкілеген туындыны арна тілшісі де көріп қайтқан еді. Қандай әсер алғанын келесе сюжеттен көрейік.
Басты рөлді сомдаған Алмасбек Шәкәрім 11 жаста. «Болмаған балалық шақ» оның дебюттық образы. Айтуынша, жас актерға күрделі кейіпкерді жандандыру, жан дүниесін түсіну аса қиынға соқпаған. Бұл жолда оған әкесі - актер Мақсат Рахмет көмектесіпті. Өзі де шытырман шығарманы толып оқып, ой елегінен өткізген.
АЛМАСБЕК ШӘКӘРІМ, АКТЕР
– «Ең бірінші шығарманы алып, оқып, ой елегінен өткіздім. Содан кейін оны зерттеп, өз рөлімді талдадым. Өзіме жиналыс аштым десем болады.»
Аты айтып тұрғындай бейне фильм балалығы қысыл таяң қыспаққа, сергелдеңде түскен Ақоштың тағдырымен тіресіп, қиындықтарды еңсеруін суреттейді. Бұлтты аспанды жарып шыққан күн көзі – көрерменді еріксіз елітіп, таң-тамаша етті. Автордың айтуынша, басты кейіпкер Алмасбек өз рөлін шынайы, жоғары деңдейде сомдаған.
АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК, АҚЫН, ЖАЗУШЫ
– «Киноның басты қазынасы жас жақсы актерді тапқаны. Үлкен актерлар шеберлікке салып, өз рөлін ойдағыдай алып шыға алады. Ал жас актерді табу оңай емес»
Кинофильмді тамашалап, тәнті болған көрермен үлкен экранға Қожа мен Алпамыс оралды деп қуанады. Балаларға арналған туындылар қатарын жалғап, мерейін асырған шығарманы Шымкенттіктер де жылы қабылдап, жоғары бағалады.
ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
– «Бұл тек жеке адамның тағдырын ғана бейнелепа қоймайды, тұтас сол кездегі халық тұрмысын көрсетеді.»
«Болмаған балалық шақ» Ақпан айының 27-ші жұлдызынан бастап еліміздің барлық кинотетрларында көрсетіледі. Кино туынды авторларының айтуынша алғашқы күннің өзінде-ақ фильмге деген халықтың сұранысы, ықасы жоғары болған.