Бүгін 06:15-те Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық сейсмология институтының сейсмикалық стансалар желісі Түркістан облысында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 684 шақырым жерде. Түркістан облысы Келес ауданы Достық ауылынан 14 шақырым жерде Өзбекстан территориясында тіркелді. Жер асты дүмпулері Абай ауылында және Сарыағаш қаласында сезіліп, болжамды күші 3 балл болды.