Әдебиетші, публицист, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Құлбек Ергөбекпен ашық дәріс өтті. Жиында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Әріден қозғалған әңгіме жайында әріптесім айтсын.
Саналы ғұмырын білім, ғылымға арнаған Құлбек Ергөбек «Арыстар мен ағыстар», «Түркістан жинағы», «Сарасөз» сынды 30 жуық кітаптың авторы. Әдебиетті тарихпен тамырластырған тіл маманы әңгімені қазақ әдебиетінің қалыптасуынан бастады.
Әңгімені әріден қозғаған әдебиетші жаңа дәуірге де кеңінен тоқталып өтті. Ашық дәрісте студенттер өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, жауап алды.
Ашық сабақта болмысы бөлек жанмен сырласқан жастар бойларын ерекше сезім билегенін айтады. Өздеріне артылып отырған сенімнің салмағы ауыр екенін сезінген олар тау тұлғаның шәкірті болғандарына мақтанатындарын жеткізді.
Құлбек Ергөбек 1952 жылы Отырар топырағында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болған ол Әл-ФАраби атындағы ҚазМУ тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын С.Мұқанов мұражай-үйінде аға ғылыми қызметкер болып бастаған. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қаламын ұштай отырып, ғылым саласында да тындырымды тірліктер атқарды. Сегіз қырлы, бір сырлы жанның мемлекеттік қызметтен де хабары.