Негізгі Жаңалықтар КҮН ЖЫЛЫП, ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖАППАЙ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

КҮН ЖЫЛЫП, ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖАППАЙ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

Оңтүстік өңірде келер аптаның соңына дейін 22 градусқа дейін ыстық болады. Қазгидромет осылай деп болжап отыр. Шымкентте де 2-3 күннен бері ауа райы жылып, көктем келіп үлгерді. Шаһардағы 10 саябақта ерекше акция өтті. Тұрғындар жаппай таңғы жаттығуға шығып, салауатты өмір салтын насихаттады.

 Исраил Балтабаев таңғы 6-да үйінің жанындағы саябаққа келіп, шынығады. Мүмкіндігінше отбасы мүшелерін де ертіп алады. Күн көзі қызғанша бой жазып, көңіл көтереді. Ең бастысы – салауатты өмір салты денсаулықты нығайтады - дейді.

ИСРАИЛ БАЛТАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ     

//Таңертең мына жақтан жүгіріп келеміз, круг жасаймыз. Қанайналым жақсарады, денсаулық нығаяды. Бір-екі ауруым бар енді, жасым 73-ке келді. Келіншегім екеуміз келеміз, жаттығамыз, мәз боп қайтамыз//

Бұл акция 6 ай бұрын басталған. Шаһардағы 10 саябақта бір мезетте өткізіледі. Арнайы бағдарламасы да бар. Басты басымдық зейнеткерлердің денсаулығына, жастардың жақсы әдет қалыптастыруына беріледі.

ЕРЖІГІТ АХМЕТҰЛЫ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МАМАНЫ   

                    //Біз қатты күш салатын жаттығуды жасатпаймыз. Бой сергіту, бойды созу жаттығуларын жасаймыз. Қантты реттейтін, қан қысымын реттейтін жаттығуларды жасатамыз. Одан кейін созыламыз//

 Зерттеулерге сүйенсек, шымкенттіктер жартысына жуығы салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл – тұрғындардың 42%-ы және олар спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Қазір үшінші мегаполисте спорттың 74 түрін қамтитын 33 дене шынықтыру ұйымы жұмыс істеп тұр.

Бөлісу