Елімізде тұрғын үй қымбаттады. Бағаның бір жылда өзгеруі мынадай: бастапқы нарық +4,8%, екінші нарық +5,4%, жалдау +12%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет жариялады.
Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бұл Павлодар қаласында 16,3%-ға және Көкшетауда 15%-ға. Екінші, үшінші нарықтағы баға өсімі бойынша Атырау (18,7%) және Қонаев (14,4%) қалалары, ал жалға берілетін тұрғын үй нарығында – Талдықорған (31,1%), Астана (29,3%) және Семей (22%) қалалары көш бастады. 2025 жылғы ақпанда тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29 022, оның 6 332-сі жеке тұрғын үйлер бойынша, 22 690-ы көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер. 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпанда ең жоғары өсім Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелді. Бір айда ең көп төмендеу Қызылорда, Атырау облыстарында және Астана қаласында болды.