Жиырмаға жуық мопед тізгіндеген жас жігіт түнгі уақытта қала көшелерінде заң бұзушылық жасаған.

Мұны бейнебақылау камералары арқылы дер кезінде байқаған жедел басқару орталығының инспекторлары тәртіп бұзушыларды ұстаған. Жол қозғалысы қағидаларын елемей жүруді сүйетіндер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пайдалану талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айыптұраққа тоғытылды. Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау - жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады.