2024 жылы еліміз бойынша 1600 ден аса сыбайлас жемқорлық дерегі теркелген. Оның 24-і Шымкент қаласының үлесінде. Құқық бұзушылардың дені пара алып, халық қаржысына қол салған құқық қорғау саласының қызметкерлері екен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тіркелген деректердің дені құқық қорғау саласында екенін айтады. Сондықтан аудандардағы полиция бөлімшелерінде заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Нәтижесінде 2022 жылмен салыстырғанда былтыр қылмыстық дерек едәуір азайған.
ЖАНДОС БЕКАСАНОВ, ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 2022 жылы біздің департамент пен полиция қызметкерлеріне қатысты 35 қылмыстық іс тіркелсе, 2023-2024 жылдары  13 қылмыстық іс тіркелді. Оның азаю себебі профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуі. Негізі полиция қызметкерлерінен орын алған қылмысқұқыбұзушылыққа келерболса ол қылмыстық істер бойынша оңды шешім қабылдау немесе әкімшілік жауапкершілікке тартпау немесе қарамағындағы қызметкерлерге жалпы қамқорлық көрсету. Осындай іс-әрекеттер үшін пара алу немесе алақтық деректері орын алған.
 Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, бармақ басты, көз қысты әрекет Шымкентте жиі болады. Шаһарда 2024 жылы 24 жағдай тіркелген.

 ЕРЖАППАР БЕРГЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ  
Былтырғы жылы республика көлемінде 1600 дан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағытындықылмыс әшкереленіп тиісті азаматтар жауапқа тартылды. 1600-дің 154-і ондайболса 9 пайыз болып отыр да. Сондықтан да полиция қыметкерлерінің арасында алдыңғы шептегі азаматтар мен құқық қорғау органдарының халықпен тығыз байланысты жұмыс істейтін салалар өте көп құқық қорғау органы болып саналады. Оның ішінде учасковой инспекторлар, ДПС, миграция және көптеген бағыттамалар өте көп. Олар халықпентікелей жұмыс жасау керек.
Бұған дейін антикор мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері білім және денсаулық саласында басым екенін айтқан еді. Бұл салаларда да алдын алу іс-шаралары кеңінен жүргізіліп келеді.