Шымкентте Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына 80 іс-шара ұйымдастырылпады. Қалалық ардагерлер кеңесі соғыс қатысушыларының ерлігі мен тылдағы еңбектерін ескеріп, жанқиярлығын ұрпақ алдында үлгі етіп ұсынып жатыр. Басты мақсат - жас ұрпақ жадына тарихтың ащы шындығын сіңіру, бейбіт күннің қадірін ұқтыру.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын атап өту, жеңістің белесі – барша халыққа ортақ мереке. Бұл күн тек қуанатын, шаттанатын емес, боздақтарды еске алып, оралмағандарды жоқтайтын дата. Қуаныш пен өкініш қатар бойды алатын мезет. Ерлік ел жадынан өшпеуі керек – дейді ардагерлер.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
--- Отан соғысының тарихын зерделеу мен Жеңіс саябақтарын насихаттауда қол жеткізудің объективті ұстанымы. Бүгінде зерттеушілер, әскери ғалымдар бірқатар ақпарат жинады.
Шымкент қаласында ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарында тек соғыс көргендер емес, тыл еңбеккерлері мен өзге де ұрысқа қатысқан азаматтар бар. Шаһар қарттарына мерекелік атаулы күндерге орай бір реттік төлем қарастырылған. Былтыр соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден берілген. Ал биыл оларға 5 млн теңгеден сыйақы тағайындалып отыр