Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан сиыр мен қой-ешкіні әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды жоспарлап отыр. «Ашық нормативті құқықтық актілер» порталында қаржы министрі мен ауыл шаруашылығы министрінің бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды.
Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын және ұсақ малдың аналық басын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге тиіс. Бұйрық жобасы 20 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.