Қарапайым қызметкерлер баспаналы болуға зор мүмкіндік. 17 наурызда жұмысшы мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.  Жаңа жобаның тиімділігін Отбасы банк қызметкерлері қаладағы ірі кәсіпорын иелеріне түсіндірді.

 Жоба аясында биыл мемлекеттен 72 млрд теңге бөлініп отыр. Шамамен 2 440 адамға несие беру жоспарланған.  Өтінімдерді "Отбасы банкі" қабылдайды. Несиенің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл.

ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, ОТБАСЫ БАНК АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
--- Шымкент қаласында және басқа обл орталықтарында 30 млн теңгеден несие беріледі. Алматы Астана қалаларында 36 млн ға дейін беріледі. Біздің сайтымызда  мыңнан астам квартиралар дайын тұр.

Бұл кездесуге ірі  кәсіпорындардың басшылары мен құрылтайшылары келді.  Бағдарламамен толық танысып  жаңа жобаны өздерінің жұмысшыларына жеткізуге уәде етті.

МАДИНА ӘМІРБЕКОВА,  БУХГАЛТЕРЛІК  АУТСОРСИНГ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ
--- Ия бізде өндіріс компаниялар бар. Әрқайсысында 30,  40 жұмысшы бар. Біз Отбасы банк қызметкерлерін жұмысқа шақырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Өте тиімді бағдарлама екен.

Наурыз жұмыскер бағдаламасының шарттары да аса ауыр емес. Өтініш берушінің  Отбасы банкінде депозит ашып, кемінде 2 млн теңгесі болу керек.   Соңғы 6 айдағы ресми табыс пен жұмыс орнын анықтамамен растауы қажет.