Қылқалам өнеріне қолдау аз ба? Шымкентте 45 жылдан аса уақытын гобелен мен қылқалам өнеріне сарп қылған шебер тұрады. Ұсталықтың қыр-сырын меңгеріп, жансыз туындыны сөйлеткен  Рәсілбек Естемесовтің жұмыстары  ұлттық құндылыққа бай. Оны үзеңгілестері де растап отыр. Алайда, шебердің  шығармашылық өрлеуі  қазір тұралап тұр. Бабалар ізін жалғап жүрген жанның кей туындылары неге аяқсыз қалуда? Шынар Әуелбай мән-жайды біліп қайтты...

 Әрбір  туындысы  сөйлеп тұрғандай.  Ішкі жан-дүниесін ақ параққа  өрнектеп жүрген Рәсілбек аға мына аядай ғана 2 бөлмелі пәтерді мекендейді. Мұнда небір ғажап  дүниелер туады. Тарих пен мәдениетті, отбасы құндылықтарын  шығармашылығына арқау етіп жүрген ол, енді осы картиналарды  жас  ұрпақ  көптеп  білсе, көрсе,-дейді. Бірақ, үйінің бұрыш-бұрышында самсап тұрған жұмыстарын жарыққа шығаруға қаражат қолбайлау болып отыр.  


 РӘСІЛБЕК ЕСТЕМЕСОВ,  ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ  
 --- Маған музей керек, бөлек өзіме. Сонда осы жұмыстардың барлығы бір жерде болатын еді. Балаларға үйрет деп шақырып, қазір соларға үйретіп жатырмын. Пластилинді де көрсетіп жатырмын, мынандай жұмыстрды да көрсетіп жатырмын, үйге әкеліп көрсетіп жатырмын хотя бы ойларында бірдеңе қалсын,-деп.

 Бүгінде шебер 2000-нан аса туындының авторы. Графиканы кәсібилікпен орындап, ұмыт болып бара жатқан гобеленді де қолға алып жүр. Пластилиннен де  түйін түйіп, түрлі образдарды жасап шығарады. Біз мән-жайды ести сала, бірден  Туризм сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасымен байланыстық. Алайда, мұндай кісіні бұрын-соңды көрмеген, білмеген болып шықты. Бірақ, қолдау  танытатындарын  қуана жеткізді.


 ЖАМАЛ  АНАРБАЙ,  ТУРИЗМ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Бұдан бөлек 4 түрлі номинация негізінде креативті хав ішіне енгізіп бере аламыз. Бізде креативті бөлімде креативті индустр.асосациясы құрылған. Оның ішінде бізде 150 –ден аса кәсіпкер тіркелген. Ай сайын тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырып береміз. Айына 2 рет өткізіледі. Қысқы маусымда ойын сауық орталықтарында, жазда арбатта.

Бұдан бөлек, басқарма сәуір айының аяғында Шмкент hub креативті орталығын  ашуды көздеп отыр.  Онда қолөнер, зергер, қылқалам шеберлері,  контентмейкерлер, сондай-ақ ,кино индустрияның майталмандарының басы бір орталықта қосылатын болады.


 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 10 кәсіпкерге 4 түрлі номинация негізінде 400 мың теңгеден грант бөлу жоспарланған.