Қала әкімі Корея Республикасынан келген кәсіпкерлер тобымен және GEO Group компаниясының төрағасы Ву Таеквонг мырзамен кездесті. Басқосуда өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға қол қойылды.
Шетелдік инвесторлар Шымкентте бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 800 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 25 жаңа жұмыс орны ашылатын нан зауыты мен мыс балқыту зауытының құрылысы жоспарланған. Бұл бастамалар Шымкенттің тамақ өнеркәсібіндегі әлеуетін күшейтіп қана қоймай, заманауи технологияларды енгізу арқылы металлургия саласының дамуына серпін береді. Мұндай жобалар инвестициялық ахуалды жақсартып, экономиканы әртараптандыруға және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.