Amanat партиясының өкілдері сайрамдықтардың түйткілді мәселелерін тыңдады. Шешімін таппай жүрген 30-дан аса адамның арыз-өтінімін қабылдап, сұрақтарына тұщымды жауап берді. Аманаттықтармен бірге жүрген тілшіміз Шынар Әуелбай тақырыпты жалғастырады.



ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Қабылдау барысында Сайрам тұрғын алабының халқы инфрақұрылым, тұрғын үй мен ауыз су тапшылығы, жер мен құрылыс саласындағы бірқатар проблемаларды алға тартты. Тіпті 10 жылдан бері көшелерге атау берілмеген, алда-жалда сырқаттанып қалсақ, жедел-жәрдем шақыра алмаймыз деп, күйініп отырған елді-мекендер де бар болып шықты. Партия мүшелері аталған мәселелердің оң шешім тауып беруге уәде етті.

Көтерген кей түйіткілдердің түйіні сол мезетте тарқатылып жатса, кейбіріне заң аясында кеңестер берілді. Қалған тұрғындардың талап-тілегі тиісті орындарға жолданды.

ЛӘЗИЗ СУЛАЙМАНОВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Әр кварталда аудандығы бар, қалалығы бар, көшпелі қабылдауларға шығып отырамыз.


--- Негізі Сайрам тұрғын алабында көптеген көшелерге 40 жылдан, 50 жылдан астам тұрғындар тұрады. Бірақ, әлі жол мәселесі шешілмеген.
--- Бұл мәселелерге қаланың даму бағдарламасына сәйкес, жоспарлы түрде жұмыстар атқалылып отырады. Қаратау ауданы әкімдігі мен қалалық әкімдікпен немесе жол транспорт басқармасымен келісіліп, мұның даму жоспарына сәйкес атқарылып отыр…


 ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ: 

Жыл басынан бері 2000-нан астам тұрғынның мәселесі қаралып, оның 80 пайызы шешімін тапқан. Көшпелі қоғамдық қабылдау жоспарға сай әр аудан тұрғындарымен өткізіліп келеді.