Шымкенттік кәсіпкер интернет-алаяқтықтың құрбаны бола жаздады. Кезекті тапсырысты орындау барысында танымал компания алдау схемасына тап болған.

Екі жалған логист жүк тасымалдау қызметінің онлайн биржасын пайдалана отырып, жалпы құны 30 миллион теңге тұратын тауарды қолды еткен. Алайда, киберполиция қызметкерлері жедел шара көріп, бір тәулік ішінде алаяқтық схемасы ашып, күдіктілерді ұстады. Ұрланған барлық тауар иесіне қайтарылды.