Сұрапыл соғыстан кейінгі жылдар. Әскерден келген жас жігіт бейбіт өмірге бейімделіп, жоғары оқуын жалғастырды. Достық, махаббат, адалдық, сатқындық барлығы қойылымда орын алады.  Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында  «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы.

«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын білмейтін жан кемде-кем шығар. Бірақ бұл жолғы сахналық қойылым туындының өзге қырларын ашады.  Ә.Нұршайықов әйгілі романы желісінде екі жас: Ербол мен Меңтай арасындағы махаббат ерекше суреттеледі. Қойылымды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театр ұжымы ұсынып отыр.

 ДАРХАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
--- Шырайлы Шымкент қаласы табиғаты да жылығой адамдары да жылы қабылдап жатыр. Көңіл күйіміз дайындығымыз барлығы жақсы

НҰРЖАМАЛ ӘБІЛҚИЯСҚЫЗЫ, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
--- Бұл шығармада Зәйкүл атты кейіпкерді сомдаймын кейіпкер өте көңілді ашық жарқын. Мінезі тік. Ұяңдығы кішкене аздау сондай көңілді қыз.

Сахналық қойылым көрерменге ерекше әсер сыйлады. Көпшілік риясыз күліп, шынайы толқыды. Әртістердің шеберлігі ел ішінде танымал романның өзін әсерлеп, жаңа қырынан танытты.


РАУШАН ӨТЕЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
---  Махабат қызық мол жылдар оқиғасы өте керемет огны кітаптан оқығаннан гөрі көркен керемет әсер бере алады. Кітаптан оқып көзбен елестеткеннен тірідей көргеннің әсері бөлек екен.

Қойылымның режиссеры Фархат Молдағали. Оның шеберлігімен  оқиға желісі бүгінгі күнге сай көзқараспен жасалып, ой-шешімдері арқылы жаңаша форматта өрбіді. Танымал туынды алдағы екі күнде Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында сахналады.