Түркістандық полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы ұрыны анықтады. Белгілі болғандай, кешкі сағат 19:00 шамасында жәбірленуші әкімшілік ғимарат жанында велосипедін қалдырып, жеке шаруаларымен кеткен.


Осы уақытта белгісіз ер адам оның ақша салынған сөмкесі мен велосипедін ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады. Күдікті ұрланған мүлікті үйіне жасырған. Тәртіп сақшылары жедел шара көріп, күдіктінің жеке басын бейнекамераның көмегімен анықтаған. Ұрланған мүлікті заттай дәлел ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.