Шымкентте көлік кептелісін сейілту жұмыстары жалғасып жатыр. Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында теміржол рельстерінен өту барысында көлік кептелісі қиындық туындатқан. Тұрғындардың қатынауына кедергі келтірген мәселе оң шешімін тапты.
Қазір осы жерде теміржол өткелінің құрылысы қолға алынды. Жоба 2024 жылдың қараша айында жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары 90%-ға, өткел құрылысы 30%-ға орындалды. Сонымен қатар тірек қабырғалары тұрғызылып жатыр. Биыл қарашада өткелді көлік қозғалысына ашу жоспарланған. Инфрақұрылымдық жоба қаланың жол қозғалысын реттеуге, көлік кептелістерін азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып тұр.