Түркістан облысында бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды. Арыс ауданының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы барысында мал ұрлығы қылмысына қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азаматты қолға түсірген.


 Яғни күдікті түнгі уақытта тұрғынның қорасынан екі қой мен бір қозыны көлігіне тиеп әкетіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Ұрланған малды сатып, ақшасын қажетіне жұмсаған. Полиция қызметкері күдіктінің бұдан бөлек те 3 мал ұрлығы дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ісі сотқа жолданған.