Шымкенттегі Тельман бөлімшесінде 1200 орындық мектеп  салынып жатыр. Білім ошағының құрылысы биыл аяқталады. Қазір жұмыстың 70 пайызы біткен. Нысанға арнайы барған тілшілеріміз құрылыс барысымен танысып қайтты. Бейнесюжетке кезек берсек.

 

Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Мектеп ғимараты бес блоктан тұрады. Бастауыш сыныптарға, жоғары сыныптарға арналған оқу ғимараттары, жеке оқу ғимараты бөлек-бөлек салынған. Мұнда тағы әкімшілік кабинеті, кітапхана, спорт зал жеке дара қарастырылған.


МЕДЕУ ШАЛАБАЕВ, «СТРОЙ ЭКСПРЕСС» ЖШС-НІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
-    Жалпы мектеп 4900 шаршы метр. + қазіргі таңда осында 108 адам жұмыс істеп жатыр. барлығы бар, ауа райы да қолайлы болып тұр. Парталары бәрі құрылыс бөлімімен бірге жүргізіліп жатыр.


Құрылысқа отандық өнімдер қолданылып жатыр. Мердігер мекеме парта-тақтаның да сапалысын алып, дайындап қойған. Бұдан бөлек, қазіргі таңда қалада 5 мектепке қосымша ғимарат, 9 білім ұясы мен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


 АБЫЛАЙ ӘБДІМАНАТ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
-    Негізі жобалық сметалық құжатқа сәйкес, 21 айға созылған. Біз 17 айда бітіріп, кіргіземіз деп отырмыз. 1,300 игерілді. 140 адамға жұмыс орны пайда болады.


 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ
-    Айтып өтейік, 2,5 гектар аумақты алып жатқан жерде бұған дейін 650 балаға арналған кешкі мектеп болған. Қазір ол сүріліп, 1200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Мектеп қыркүйек айына дейін бітіп, жаңа оқу жылында оқушылар кіргізіледі.