Пробация тіркеуінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтып, еркін өмірге бейімдеу - Ордабасы ауданында басты назарда. Өткен жылы аймақта жазасын шартты түрде өтеп жүрген 38 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Құзырлы органдар әкімдікпен бірігіп игі жобаны жүзеге асырып жатыр. Аудан орталығында «Болашаққа мүмкіндік-жаңа өмір» атты жұмыспен қамтуға бағытталған ауқымды форум өтті.

 Форум алдында тіркеуде тұрған азаматтарға арналған  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мамандығына байланысты вакансиялармен танысып, ұсыныстарды тыңдады. Нәтижесінде 4 адам екі қолға бір күрек тауып көңілі көншіді. Өткен жылы ауданда дәл осындай  5 жәрмеңке ұйымдастырылған.


 ИЛИЯС ТҰРНИЯЗ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
--  Бұл жәрмеңкеде негізгі мақсат пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту. Осы орайда бірнеше тізімде тұрған азаматтар қабылданады.

Пробация мекемесінде тіркеуде тұрған азаматтарға жеңілдетілген несие беріледі. Олар ауыл-аймақта тұрғандықтан мал асырауға қаржы бөлінеді. Жоба жайында Түркістан облысы прокуратурасы Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы  Нарбек Мықтыбаев арнайы келіп түсіндірді.


НАРБЕК МЫҚТЫБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ  
---   Бір жақсысы жақын туыстарыңыздың залогын қойсаңыз болады. Өзіңізде қора жоқ болса туыстарыңызбен келісіп соның қорасында асырауға болады. Араларыңызда 2,5 пайызбен несие аламын дегендер барма? Бар болса айтыңыздар хаттамаға тіркеп қоямыз.


 ЕРЛАН МҰСАЕВ, АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
--- Шектеу жазасы мен шартты түрде сотталғандар арасында жазаны бас бостандығынан айыру көптеген мәселелер тудырады.

 Бұл игі жобалар жаза басып, жаңылысқан азаматтарды қоғамнан шеттетпей, оларды өмірге қайта бейімдеуге бағытталған. Жеке кәсібін бастап, отбасының жағдайын түзеуге  арналған.


 АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
---  Бұл жиын жазасын өтеген еркін өмірге мұқтаж азаматтарға арналады. Біздің мақсатымыз байқаусызда сүрінген. Қателікке бой алдырған азаматтарды қайта түзелуіне мүмкіндік беру.

Ордабасы ауданы пробация қызметі бөлімінде 2025 жылдың 3 айында 155 адам есептен шыққан. Оларды өмірге бейімдеу бағытында ауқымды шаралар атқарылған.