Банктік шотыңызды сақтайтын антивирус орнатамын! Дәл осындай хабарлама келіп түссе, айналып өтіңіз! Алаяқтардан айла асқан ба? Енді қулыққа құрық салдырмайтындар мобильді қолданбалардың көмегімен жеке деректеріңізге оңай қол жеткізуі мүмкін. Картаңыздағы ақшаны жымқырып, несие рәсімдеу үшін де өтініш беруі ғажап емес.
«AQPARAT SAQSHYSY» телеграм арнасы қауіпті қолданбалардың тізімін жасап, халықты сақ болуға шақырды. Олардың қатарында: RuDesktop, RustDesk, TeamViewer, HopToDesk, AnyDesk. Бұл бағдарламалар қызметкерлердің компьютері мен смартфон арқылы жұмыс істеу үстеліне қашықтан қол жеткізуді көздейді. Жәбірленушілердің құрылғыларына қосылу үшін, яғни пороль мен смс код сұрап, мобильді банкингте транзакцияларды жүргізу арқылы ақша ұрлау құралына айналады. Сондықтан есіңізде болсын, үшінші тұлғалардың, соның ішінде банк менеджерлері мен ұялы байланыс операторы ретінде байланысқан бейтаныс нөмірлерді жіті қадағалаған жөн.