Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді мүгедектігі бар талапкерлер үшін тестілеуге қатысу тәртібі жеңілдетіледі. Сондай-ақ дәлелді себеппен тестке қатыса алмағандарға сол кезең ішінде қосымша мүмкіндік беріледі.
TOEFL, IELTS секілді халықаралық ағылшын тілі сертификаттары бар талапкерлер өз қалауы бойынша «Шетел тілі» пәнінен босатылады. ҰБТ мерзімдері де өзгертілді. Бұрын наурыздың 1-і мен 31-і аралығында тапсырса, енді ол 6 сәуірге дейін ұзартылды. Мамырдағы тестілеу 10-мамырда басталып, шілденің 10-ына дейін жалғасады. Электрондық өтініш беру мерзімі 10-25 сәуір аралығында жүргізіледі. Талапкерлерге 2 рет тапсыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Өтініштер www.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады.