Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджет туралы» мәселе қаралды. Тақырып жан-жақты талқыланып, депутаттар басқарма басшысына сұрақтарын жолдап, тиісті шешім қабылдады.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп отырды. Жиын алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырып, оның мән-маңызын түсіндірді. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылай келе мәслихат жұмысына табыс тілеп, жиынды қорытындылады.