Турфирмаға қатысты тағы дау шықты. QAZAQ TREAVEL туристік агенттігі умраға аттанғалы отырған бір топ адамды алдап кетті. Осылай деп арнамызға бір топ азамат шағымданып келді. Олар Мекке мен Мәдинадағы қонақ үй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын айтады. Умра қажылығына аттануға ниет еткендер қазір мекеменің кеңсесін күзетіп жүр. Шымкент қаласында ғана емес, Астана, Алматы мегаполистерінде де сан соғып қалған тұрғындар бар.
Жарнамасы жер жарған турфирма кіші қажылыққа аттанғысы келген азаматтарды әлеуметтік желі арқылы жинаған. Бекітілген тариф адам басына 650 мың теңге. Ақшаны қалтаға басқандар ақыры жолаушыларды алдап соққан. Qazaq travel компаниясының үстінен шағым түсіргендердің бірі Қадірмаржан Маратқызы. 5 сәуір күні қасиетті мекенге ұшуы тиіс болған ол бүгінге фирманың бір де бір өкілін таппай жүр.
ҚАДІРМАРЖАН МАРАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Күні қаңтардың бірінші оплатамызды жасадық. 105 мң теңге ИП ға аудардық. Және 300 доллар наличка ұстатып кеттік Асылжан деген жігіткен. Екінші оплата марттың 11 не 393 мың теңге аудардық. Оплата толық болғанан кейін біз 5-не ұшыуымыз керек болған. –Қай айдың бесі? –Осы апрельддің бесі. 4-і күні бізге звандап отказ болатынын айтты. Түркиядағы жағдайға байланысты бізге отказ жасаймыз деді. Сөйтіп біз мақұл деп келістік. 8-не ұшасыздар деді. Кеше біз сұрадық біздің визамыз қайда, билеттеріміз қайда деген едік ешқандай жауап болған жоқ.
Алмас Тәжібай киелі мекенге бұған дейін де барған. Ол кезде басқа агенттіктің қызметіне жүгінген. Бұл жолы нарықта 10 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Qazaq travel-ді таңдапты. Үш адамға 1 860 000 теңге төлеген. Енді ақшасын қайтара алмай сандалып жүр. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданып та қойған.
АЛМАС ТӘЖІБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Кеше мен өзім жолықтым офистарын барып Заур деген кісімен. Мен ешнәрсе білмеймін Алматыда бұлардың главный офистары солармен сөйлесесіздер деп. Негізі кей кісілер осы жерге келіп ақшаны толықтай төлеген екен. Әр адам бастарын алып қашып жатыр білмейміз деп. Мен өзім жалпы сомасы 1 800 000 дай аударғам үш адамға. Енді ақшамды алалмай отырмын. Ешқандай хабар жоқ. Телефондарын өшіріп тастаған. Бізді черный списокка тығып тастаған. Хабарласа алмаймыз білмейміз. ОФистарын келсек офистары жабық тұр.
Шымкенттен киелі сапарға аттанғысы келген оншақта адам бар. Оларға фирма ватсаптан чат ашып, ақпарат жіберіп отырған. 5-сәуір күні ұшып кетуі тиіс жолаушыларға сапарға шыға алмайтындарын бір күн алдын ғана ескертіпті. Содан бері агенттік өкілдері байланысқа шықпапты. Алданғандар шу шығарған соң арнайы чатқа хабарлама ғана жіберген. Ондай Тур агенттіктің атқарушы директоры Данияр Имашев мынадай хабарлама қалдырған.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
--- «QAZAQ TREAVEL» туристік агенттігін Шымкент қалаындағы филиалы Ордабасы қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан. Бұл кеңсені бізде келіп қарасақ шынының арғы жағында ешқандай жан көрінбейді. Ал есігі болса құлыптаулы. Сан соғып қалдық деп отырған тұрғындар болса компанияның басшыслығына сан мәрте хабарласқан. Сөздерінше олардың телефондары әлі күнге дейін сөндірулі.
Qazaq travel туристік агенттігі 2013 жылдан бері тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Умра қажылығына баруға ниет еткендерді Мекке, Мәдина қалаларына апарып алып келеді. Бірақ агенттік Шымкент қаласында турфирма ретінде тіркелмеген.
АЗАМАТ НҰРЫМБЕТОВ, ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
--- Туристік агенттігі Шымкент қаласында туристік оператор ретінде тіркелмеген. Яғни арнайы біздің базамызда жоқ. Агенттік ретінде қызмет атқаруда. Әр азамат форс можор жағдайға тірелгенде өзінің құқығына сәйкес арнайы тармақтармен таныстырылады. Егер кей шарттарға келер болсақ тур болмағаннын өзінде мысалыға турларды ол туристік агенттік басқа бір уақытқа шегеріп беруі мүмкін немесе турдың 50 пайыз суммасына дейін қайтару мүмкіндігіне бағанағы азамат ие болады.
Қазіргі таңда алданғандар адвокат жалдап қаржыларын қайтарып алуға әрекет етіп жатыр.
Айтып өтейік, сапарға аттанамыз деп сан соғып қалғандардың мәселесін арна тілшілері назарда ұстайды. Жұрттың арызынан кейін туристік фирманың есігіне құлып салынама, әлде жарнамасын әрі қарай жариялана бере ме? Қолына кісен салынған айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлы Данияр Имашевтің ісі сотқа жолданды ма? Бұл туралы ақпаратты «Оңтүстік» телеарнасынан сенбі 20:00 де, «Түйін» апталық-сараптамалық бағдарламасында толық айтамыз.